Төрт күндік сабақтар Қазақстандағы Канада елшілігінің қолдауымен Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік дайындық орталығында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл курстың мақсаты - Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссияларында ұлттық контингенттің жеке құрамының гендерлік проблематика саласынан хабардар болуын арттыру.
Оқу бағдарламасын орталық нұсқаушылары әзірлеген және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының сарапшыларымен бірлесіп өткізіледі.
Гендерлік мәселелер - Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметінің, атап айтқанда, ұлттық бітімгерлік контингенттерді даярлау процесінің өзекті және ажырамас бөлігі.