• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Маусым, 2022

Қатарда күш сынасады

127 рет
көрсетілді

12-19 маусым күндері Қатардың бас шаһары – Дохада спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының жалауы желбірейді.

Аталған жарыста Қазақстанның намысын бес спортшы қорғайды. Олар – Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ілияс Әзизов, Фарух Набиев және Дмитрий Патанин. Осы бестіктің арасындағы ең үздігі Карими екені сөзсіз. Ол 2017-2019 жылдары өткен Азия чемпионатында жүлдегерлер санатынан көрініп, Дүниежүзілік универсиадада күміспен күптелді. Құрбанов та Неапольдағы студенттердің басты додасында екінші орынға табан тіреді. Милад пен Нариман Әлем кубогының кезеңдік сайыс­тарында да елеулі табыстарға қол жеткізіп жүргені мәлім. Сондай-ақ Әзизов, Набиев және Патанинді де осал деп айта алмаймыз. Олар да бірқатар халықаралық жарыста жеңіс тұғырына көте­рілген.

 Осы жарыстың қорытындысы бойынша биылғы жылдың 28 қазан мен 6 қараша аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатында өнер көрсететін гимнасшылар анықталады.