• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Маусым, 2022

Джокович тұғырынан тайды

144 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыба­кина Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирінде үшінші кезеңге дейін жетке­німен, әлемдік рейтингтегі жағ­дайын біраз нашарлатып алды.

Өткен аптада ғана WTA тізімінде 16-орында тұрған еліміздің бірінші ракеткасы қазіргі кезде 21-сатыға жайғасты. Есесіне Юлия Путинцева өз жағдайын жақсартты. Бірден бес сатыға жоғарылаған ол бұл күндері 32-орынды иеленуде. Уақыт озған сайын Зарина Диастың нәтижесі төмендеп барады. Жерлесіміз 157-орынды қанағат тұтуда. Әйелдер арасында Ига Швентек әлемдік рейтингте жеке-дара көш бастап тұр. Париждегі турнирдегі жеңісінен кейін ол басты қарсыластары эстониялық Анетт Контавейт, испаниялық Пау­ла Бадоса, тунистік Онс Жабер және гре­киялық Мария Саккариден біршама ұзап кетті.

Ерлер арасында ресейлік Даниил Мед­ведев пен германиялық Александр Зверев Сербияның даңқты теннисшісі Новак Джоковичті тұғырынан тайдырды. Төртінші және бесінші орындарда – испаниялық Рафаэль Надаль мен норвегиялық Каспер Рууд. Қазақстанның ең үздік ойыншысы Александр Бублик 36-орынды еншілеуде.