• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2022

Дүниежүзілік банк Украинаға көмек көрсетеді

379 рет
көрсетілді

Сейсенбі күні Дүниежүзілік банктің (ДБ) директорлар кеңесі Украина билігіне $1,49 млрд көлемінде қаржылай қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл – Дүниежүзілік банктің Киевке жібермек болған 4 млрд доллар көлеміндегі ақшалай көмек пакетінің бір бөлігі. Бұл қаражатқа Ұлыбритания, Нидерланды, Литва, Латвия және басқа да бірқатар елдер берген несиелік кепілдіктер кіреді. Дүниежүзілік банк бұл ақшаның «мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне жалақы төлеуге» бағытталатынын есептеп отыр.

Дүниежүзілік банк президенті Дэвид Малпас банктің Украинаға «қаржылық қолдау көрсету үшін донор елдермен жұмыс істеп жатқанын», сонымен қатар «украиналықтардың денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуіне көмектесу» бағытында шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.