Ақтауда жылу желісін жөндеу жұмыстары кезінде «Каспий жылу, су арнасы» МКК жұмысшысы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін «КЖСА» МКК қызметкерлері жылу желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жақын жерде орналасқан қабырға коммуналдық қызметкердің үстіне құлады. Шақыруға 17 құтқарушы шықты. Олар үйінді астынан ер адамды алып шықты», делінген хабарламада.
1978 жылы туған ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.