Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың мамырынан бастап 2022 жылдың мамырына дейін қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 27,9%-ға, жаңа тұрғын үй сатылымы 19,3%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылдың мамыр айында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 22,8%-ға өсті.
Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, өңірлік бөліністе тұрғын үйдің бастапқы нарығындағы бағалар жылдық мәнде 27,2%-ға айтарлықтай қымбаттаған.
«Тұрғын үйдің қайталама нарығында бағаның өсу көшбасшылары – Талдықорған (48,6%), тұрғын үйді жалға беру нарығында – Алматы (49,9%)», деп атап өтті Қуанышбек Жақыпбекұлы.
Бір ай ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,7%-ға, пәтерлерді қайта сату - 1%-ға өсті.
Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы мамыр айында өткен аймен салыстырғанда 1,3%-ға өсті.