• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2014

Мәскеуде Каспий маңы елдерінің конференциясы өтті

378 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 сәуір. Бүгін Мәскеуде Каспий маңы елдерінің Сыртқы істер министрлері конференция өткізді. Бұл туралы Bakupost.az хабарлады. «Кездесуде биылғы жылдың күзінде Астраханьда өтетін Каспий саммитінің дайындық барысына баса назар аударылады. Министрлер алдағы саммиттің бағдарламасы мен күн тәртібін, сондай-ақ оның қорытынды құжаттарының жобаларын талқылады», – делінген Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Иран және Түркіменстан Сыртқы істер министрлері қатысты. Олар 2010 жылы Бакуде өткен Каспий саммитінен кейінгі мамандардың атқарған жұмысын талқылады. «Ресей Каспий теңізіне қатысты барлық келісімдерде көрсетілген шарттарды қатаң сақтайды. Сонымен қатар, Каспий маңы елдерінің арасындағы диалогты» дамытуды қолдап, Мәскеудегі конференцияның сәтті өтуіне үлкен мән береді», – деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрлігі. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Bakupost.az. Фото: On.kz.