АСТАНА. 22 сәуір.Пәкстанның оңтүстігіндегі Синд провинциясында жол көлік апатынан 42 адам қаза болды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Деректерге қарағанда, Карачи қаласына қарай бағыт алған жолаушылар автобусы жолдың шетінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Қаза болғандардың жиырмаға жуығы әйелдер мен балалар көрінеді.
Жергілікті полицияның ақпары бойынша, жол апаты салдарынан 20 шақты адам жарақат алған. Оқиға орын алған жердегі жолдың бір бөлігі жөндеу жұмыстрана байланысты жабылған екен. Апаттың себептері анықталуда.
«Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, Пәкстанда елеулі адам шығынына соқтыратын жол апаттары жиі болып тұрады. Мұндай оқиғаларға көбінесе жолдардың сапасыздығы мен жүргізушілердің жауапсыздығы себеп туғызады екен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Lenta.ru.
Фото: Lenta.ru.