• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2022

Тарихта қалатын оқиға

346 рет
көрсетілді

Жаңадан құрылған Ұлытау облысы мәслихатының І сессиясы өтіп, оның ұйымдас­тыру жұмысына Amanat пар­тиясы Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков төрағалық етті.

Депутаттар сессияның хат­шылығын, есеп комиссия­сын, редакциялық алқасын бірауыз­дан сайлағаннан кейін, Ұлытау облыстық мәсли­хаты­ның хатшысы лауазымына ұсынылған депутат Бауыржан Шыңғысовтың кандидатурасын талқыға салды. Дауыс беру нәтижесінде, депутат Бауыржан Шыңғысов бірауыздан Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

Жезқазғанның тумасы болып саналатын жаңа хатшы­ның мемлекеттік қызметте жинақ­таған тәжірибесі өте мол. Ол 2006 жылы «Қазақмыс Кор­порациясы» ЖШС-де эконо­ми­калық қауіп­сіздік депар­та­ментінің дирек­торы болып жүріп, мем­ле­кеттік қызметке ауысқан. Жез­қазған қаласы әкімінің орынбасары, Сәтбаев және Жезқазған қалаларының әкімі қызметтерін атқарды.

Одан кейін Ұлытау облыс­тық мәслихатының комиссия­лары құрылып, олардың құрамы мен төрағасы сайланды. Атап айтқанда, депутат Ерболат Сатыбалдин бюджет және қаржы жөніндегі тұрақ­ты комиссияға, депутат Бек­зат Алтынбеков әлеуметтік мәсе­лелер жөніндегі тұрақты комис­сияға, ал Силар Қияқбаев өнер­кәсіп, кәсіпкерлік, аграрлық және тұрғын үй-коммуналдық мәсе­лелер жөніндегі тұрақты комис­сияға жетекшілік ететін болады.

Сондай-ақ, сессияда «Ұлы­тау облыстық мәсли­хаты­ның ап­параты» ММ құры­лып, об­лыс­тық мәслихат аппара­тының құ­рылымы және об­лыстық мәсли­хаттың регламенті бекітілді.

 

Ұлытау облысы