10-15 маусым күндері Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеулде семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жалауы желбірейді.
Сары құрлықтың басты додасында Қазақстанның 14 спортшысы бақ сынайды. Олар – Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Дмитрий Алексанин, Елмир Әлімжанов (шпага-ерлер), София Николайчук, Владислава Андреева (шпага-әйелдер), Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Мұхамедәлі Рахманәлі, Төлеби Қалдыбекұлы (қылыш-ерлер), Әйгерім Сарыбай, Татьяна Приходько, Карина Доспай және Анастасия Гулик (қылыш-әйелдер). Бұл жарыста семсерлесудің үш түрі бойынша барлығы 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.