• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Маусым, 2022

Аслан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінің жеңімпазы атанды

257 рет
көрсетілді

Чехияның Гавиржов қаласында үстел теннисінен жас спортшылардың қатысуымен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтіп жатыр. Қарағандылық Ұлан Құрманғалиев өз тобында аталған жарыстың чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

15 жастағы қазақстандық спортшы өз құрдастарының арасында топ жарды. Алдымен ол өзінің кіші тобында чемпион атанып, 1/16 финалда Катар Равад Алнасерді 3:1 есебімен жеңді.

Одан әрі 1/8 финал кезеңінде Польша өкілі Марсель Блащик те қазақстандыққа 3:0 есебімен жеңілді. Ал ширек финалда Украина спортшысы Михаил Ловга 3:0 есебімен ұтылды.

Финалға барар жолда Алан Құрманғалиев Болгария өкілі Йоан Величковты 3:1 есебімен жеңді.

Шешуші жекпе-жекте оның қарсыласы жапондық теннисші Казуко Ешияма болды. Айта кетсек, осыдан екі апта бұрын онымен кездесу өткізген қарағандылық спортшы Испанияда жеңіліс тапқан еді. Бұл жолы қарсыласынан озып шыққан Құрманғалиев 3:1 (11:8, 11:13, 11:4, 11:7) есебімен чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар