Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында кеңсе ғимаратын шарпыған өрттен жеті адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрт шамамен таңғы он бірде ғимараттың екінші қабатында басталған.
Өртті ауыздықтауға ондаған өрт сөндірушілер мен көліктер жіберілді, деп хабарлады Тэгу өрт сөндіру бөлімінің өкілдері. Әзірге жеті адамның қайтыс болғаны расталды, тағы 35 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді, оның ішінде тоғызының жағдайы ауыр.
Гүлдана Елубай