Журналист Оралхан Дәуіт AULIEATA-MEDIA ЖШС-ның директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оралхан Дәуіт 1976 жылы қазіргі Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып бастап, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жалғастырды.
Республикалық «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. «Ақ самаурын» жинағының авторы.
Сондай-ақ «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Хамит Есаман «Aq Jol» газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды.