• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2022

Алматыдағы балмұздақ зауытында жұмысшылардың улану себебі анықталды

392 рет
көрсетілді

«Шин-Лайн» компаниясы 7 маусымда өндіріс орнында болған оқыс оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, алдын ала қорытынды бойынша мұздатқыш цилиндрі артындағы резеңке төсемшенің зауыттық ақауына байланысты 500 г аммиак сыртқа төгілген. Дереу оқиға орнына қадағалау қызметтері мен экологиялық сараптама жүргізуші мамандар шақырылған.

«Қазіргі уақытта анықталған техникалық ақау толығымен жойылды. Жабдық 1 маусымда ғана тексеріліп, куәландырудан өткен еді. Ақаудың шығу себебі түпкілікті анықталған соң, компания ресми жеткізушілерге хабарласады. Біздегі жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектері ресми жеткізушілерден сатып алынған және қажетті сәйкестік сертификаттары бар», делінеді компанияның хабарламасында.

Сондай-ақ компания кәсіпорынға тексеру жүргізетін қадағалау органдарына жан-жақты көмек көрсететінін мәлім етті.

«Қадағалау органдары тиісті қорытынды шығарады. Барлық қосымша ақпарат мемлекеттік органдардың ресми қорытындысын алған соң хабарланады. Айта кетейік, оқиға болған күнгі ауысымда өндірілген өнімдер сатылымға шыққан жоқ», деп хабарлады компания.

Еске салайық, Алматыдағы «Шин-Лайн» компаниясының цехында төгілген аммиактан бес адам уланып, ауруханаға түскен еді.