• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Маусым, 2022

Үшінші орнын қайталады

240 рет
көрсетілді

Италияда өткен «Адриатика-Ионика» көпкүндігі өз мәресіне жетті. «Астана» клубының велошабандозы Вадим Пронский аталған жарыста табысты өнер көрсетті.

24 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тумасы былтыр осы додада үшінші орын алған болатын. Биыл да дәл сол межеден көрінді. Бұл жолы Пронский тек италиялық Филиппо Зана мен эритериялық Натнаэль Тесфационнан ғана қалып қойды. Жалпы, қазақстандық спортшының спорттық мансабында елеулі табыстар аз емес. Бастапқыда Вадим жастар арасында Қазақстан мен Азия чемпионы атанып, «Джиро дель Валле-д’Аоста» көпкүндігінде дара шықты. «Эльзас Туры», «Аустрия туры», «Хорватия туры», «Гваделупа туры», «Лангкави туры» се­кілді бірқатар бәсекеде де жеңіс тұ­ғы­рына көтерілді. Кейіннен ересектер дуына қо­сылып, бірқатар халықаралық жарыста­ өзін жақсы қырынан көрсетті.

Ал Франциядағы «Критериум Дофине» көпкүндігінде астаналықтар сәтсіз өнер көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар