• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Маусым, 2022

Усик үздік деп танылды

254 рет
көрсетілді

Әйгілі vRINGe.com сайты әлемдегі ең үздік кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Өкінішке қарай, мықтылардың тізімінде Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.

Әлемдік рейтингте Александр Усик көш бастап тұр. Олимпия ойындарының жеңімпазы, әлем және Еуропа чемпионы деген атақтары бар 35 жастағы Украинаның мақтанышы 2013 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Сол аралықта 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 13 бәсекеде айқын басымдық танытты. Әуелі бірінші ауыр салмақта өнер көрсеткен Александр содан кейін алыптармен айқасуға тәуекел етті. Оның екеуінде де ол теңдессіз деп танылды. Казіргі кезде Усик WBA нұсқасының суперчемпионы ретінде мойындалса, IBF пен WBO-ның чемпиондық белбеулерінің иегері атанып отыр.

Сондай-ақ ТОП-10 боксшының қатарына Сауль Альварес (57-2-2, 39 KO), Эррол Спенс (28-0, 22 KO), Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 KO), Теренс Кроуфорд (38-0, 29 KO), Наоя Иноуэ (23-0, 20 KO), Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО), Джош Тейлор (19-0, 13 KO), Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО) және Девин Хэйни (28-0, 15 КО) сынды саңлақтар енді.