• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Маусым, 2022

Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды

166 рет
көрсетілді

10 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жұмада еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.