Капаннори Тассигнано әуежайынан ұшып шыққан Augusta Koala AW119 тікұшағымен байланыс кенеттен жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бортта жеті адам, оның ішінде түрік жеке компанияларының бірінде жұмыс істеген төрт түрік азаматы болған.
Римдегі Түркия елшілігі Италия билігімен және түрік азаматтары жұмыс істейтін компанияның өкілімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқандарын мәлімдеді.