Павлодар қаласында аялдамалардың бірінен ер азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1955 жылы туған ер адамның денесі № 18 мектеп маңындағы аялдамадан табылған.
Дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.