• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Маусым, 2022

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 6 330 206 адамға жетті

178 рет
көрсетілді

Әлемде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 330 206 адамды құрайды, сонымен қатар бүгінде 1 121 өлім тіркелді.

Бұл туралы Egemen.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссия мәліметтеріне қарағанда, 11 маусымда әлемде COVID-19 коронавирусын 539 908 577 адам жұқтырған.

Соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 433 690 адамға өсті.

Вирустың толық емделуінің расталған жағдайлары бүгін, яғни 11 маусым 2022 жылы әлем бойынша: 512 574 175 адамды құрап отыр.