• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2014

Азаматтық борышым

772 рет
көрсетілді

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаты Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы екендігін атап өткені бәрімізге аян. Сонымен қоса, Қуатты Ел болу идеясының жариялануы бүкіл қазақстандық­­­тардың бірлігін, ынты­мағы мен тұтастығын сақтап, болашаққа деген сеніммен қадам басуда үлкен маңызға ие деп білемін. Ең дамыған 30 елдің қатары­на ену 7 түрлі бағыттағы мәсе­лелердің шешіліп, мақсаттардың іске асырылуынсыз орындалмайды. Сондықтан да, алдымызда алар асулар аз емес. Мемлекет басшысы атап өткен асулардың бірі – инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу үшін дәстүрлі өндіруші сектор тиімділігін арттыру, расында да, өте маңызды. Осы кезге дейін елімізде бұл салада 2020 жылға дейінгі да­му стратегиясы бойынша көп­те­ген істер атқарылып жатыр. Мысалы, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру барысында тілге тиек етерлік көптеген іс-шаралар атқаруда. Қазіргі кезде елімізде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ негізінде екі халықаралық трансферт орталығы, бес әртүрлі саладағы конструкторлық бюролар, жеті «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы ұйымдастырылып, жұмыс істеуде. Мен Президент қамқор­лы­­­­­ғымен жүзеге асып келе жатқан «Болашақ» халық­ара­лық бағдарламасымен қазір Польшаның Варшава политех­никалық институтының өндірістік инжинерия факультетінде, «Ма­шина жасау» мамандығы бойынша 4-ші курста білім алудамын. Жасыратыны жоқ, Қазақ­стан­ның өндіріс саласында бәсе­кеге қабілеттілігі қазірше төмен. Сондықтан, Елбасы өз Жолдауында айтқандай, «Ғы­лыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғы­лымының әлеуетін арттыру» арқылы ғылым мен өндірісті ұштастыра білуіміз керек деп ойлаймын. Ол үшін жоғарыда айтылған ірі технологиялық парктердің жұмысын барынша жақсартуымыз керек. Менің өз еліме деген қосар үлесіме келсек, шетелде алған білімімді келешекте еліміздің өндіріс саласын дамытуға, соңғы жетілдірілген технологиялармен жұмыс жасауға жұмсамақпын. «Қуатты Ел» ұлттық идеясын жүрегіме ту етіп, еліміздің ең дамыған отыз елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етіп, теңіздің тамшысындай болса да үлес қосу менің азаматтық борышым деп білемін. Ал теңіз тамшыдан құралмай ма, ағайын!? Аяз ЖАМАЛБЕКОВ. Польша, Варшава.