• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2014

Құқықтық білім беру – уақыт талабы

770 рет
көрсетілді

Өткен аптада Алматыда Қайнар университетінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, Ұлы Отан соғысының ардагері Зайырхан Ашитовтың 90 жасқа толуына арналған «Қазақстан-2050» Стра­­­­тегиясы міндеттерінен туындайтын құқықтық білім беру саласын дамытудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми конференция болып өтті. Конференция жұмысын кіріспе сөзбен ашқан Қайнар университетінің ректоры, профессор Ерен­ға­йып Омаров студент жастарға құқықтық білім беру­де, құқықтық тәрбиені жетілдіруде еліміз­д­ің жоға­ры оқу орындарының алдында тұрған міндет­терді атап өтіп, осынау көкейтесті мәселелерді шешуде отан­дық заң­герлердің рөлі ерекше екендігіне кеңінен тоқталды. – Конференцияның профессор Қайырхан Ашит­ов­­тың 90 жылдық мерейтойына орайластырылып өткізілуі­нің өзі де заңгер ғалымның тәуелсіз Қазақ­стан­ның құқығы бойынша жазылған 10-нан астам монографиялық еңбектер мен оқулықтардың авторы ретінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруда атқарған еңбектеріне деген құрметтің бір көрінісі , – деп сөзін аяқтады, шешен. Конференцияда, «Құқықтық білім беру мәселе­лерін шешу жолдары» атты баяндама жасаған Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Кәрімбек Құрманәлиев әрбір Қазақстан азаматы өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білу қажеттігін, Азаматтық Кодекске жаңадан енгізілген баптарды елге хабардар ету құқық саласы қызметкерлерінің, әсіресе, заңгер ғалымдардың бірінші кезектегі міндеті екендігін айтты. Ғылыми отырысқа Қазақстан Республикасы Конс­титуциялық кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының док­­­торы, профессор Игорь Рогов, академиктер Сұлтан Сар­таев, Майдан Сүлейменов, Әбдімәлік Нысанбаев, Өмір­зақ Айтбаев, Шора Сарыбаев және басқа да белгілі ғалым­дар қатысып, Стратегияда көрсетілген елімізде қолға алынар құқықтық саладағы реформалар жөнінде ой қоз­ғады. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан».