• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Маусым, 2022

«ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің өлімі: тергеу жалғасып жатыр

320 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан полицейлері «ӨКМ Операторы» ЖШС топ-менеджерінің өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, Р.Д. Шәмшиевтің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

«Соталды тергеу барысында істің барлық мән-жайын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», деді елордалық ПД өкілі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.