ӨСКЕМЕН. 23 сәуір. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында техногенді апаттың салдарынан орын алған алып қазаншұңқыр толығымен жойылды. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады.
Екі апта ішінде алып қазаншұңқыр бетонмен толтырылып, зардап шеккен 58 отбасына 6 млн. 900 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді», деді «Қазцинк» ЖШС вице-президенті Андрей Лазарев.
Апат орын алған «Алқап» көшесін аталған кәсіпорын алдағы уақытта көріктендіруге, жол салып, жарықтандыруға уәде беріп отыр. Мұнда тұрғындардың тілегіне орай балалар ойнайтын алаң немесе спорт алаңы салынатын болады. Апат салдарын жою жұмыстарымен танысқан облыс басшысы Бердібек Сапарбаев тұрғындармен кездесіп, арнайы комиссия құрамында тиісті мамандармен бірге олардың да болуы керектігін тапсырды.
(Осыған байланысты материалдың толық нұсқасын газетіміздің алдағы нөмірлерінен оқи аласыздар).
Думан Анаш.
Дереккөз: Egemen.kz.
Фото: yk-news.kz.