15 маусымнан бастап Канада үкіметі вакцинацияланбаған канадалықтарға ұшақпен, пойызбен немесе су көлігімен саяхаттауға, сондай-ақ елден тыс жерлерге ұшуға мүмкіндік бермейтін федералды ковидтік шектеулерді алып тастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТАСС ақпаратына сәйкес, Канадаға барғысы келетін шетелдіктер әлі де коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы керек.
Қазіргі уақытта елдің барлық азаматтары Канадаға вакцинация мәртебесіне қарамастан кіре алады, бірақ вакцинацияланбаған канадалықтар 14 күндік карантиннен өтуі керек.
Шетелдіктер Канадаға тек Канада Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған коронавирустық вакцинация болған жағдайда кіре алады.