• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Маусым, 2022

Джо Байден екінші мерзімге президенттік сайлауға түсуге ниетті

414 рет
көрсетілді

Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьердің айтуынша, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден екінші мерзімге президенттік сайлауға түсуге ниетті. Алдағы сайлау 2024 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Карин Жан-Пьердің айтуынша, Джо Байден 2024 жылы сайлауға түсу ниеті туралы бірнеше рет хабарлаған. 

Кейбір американдық газеттер Байденнің жасына байланысты оның екінші мерзімге ұсынылуына кедергі болатынын жазған. Алайда Жан-Пьер бұл ақпарат шындыққа жанаспайтнын айтады.

Айта кетсек, Джо Байден қазір 79 жаста.