• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Маусым, 2022

Елордада құрылыс заттарын ұрлаған күзетшілер ұсталды

507 рет
көрсетілді

Қалалық  криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құрылыс объектісінен ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында жалпы құны 2 миллион теңге тұратын құрылыс материалдарын осы нысанда күзетші болып жұмыс істеген 30 және 34 жастағы екі күдіктінің ұрлағаны белгілі болды.

Олар түнде бөтен адамдардың жоқтығын пайдаланып, көлікті алдын-ала ұйымдастырып, материалдарды алып кеткен. Кейін алып кеткен заттарды сатпақшы болған.

Аталған фактіге байланысты ұрлық  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Олардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.