Қазақ-қырғыз шекарасында бензин тасымалдайтын көлік құралдары саны ұлғайған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазір қазақ-қырғыз шекарасында жанар-жағармай материалдарын (бензин) тасымалдаушы автокөлік құралдарының саны ұлғайғаны байқалуда. Тасымалдау ережелерінің бұзылуы тіркеліп жатыр», делінген ресми хабарламада.
Бұл жағдай шекаралық өткелдерге тікелей жақын жерде автокөлік құралдарының жиналуына алғышарттар тудырып отыр.