Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 14 маусым Алматы уақытымен 13 сағат 35 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 810 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 5,9. Тереңдігі - 200 км.
Жер сілкінісінің сезілуі бойынша (MSK-64 шкаласы бойынша) ақпарат тіркелмеген.