• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 14 Маусым, 2022

Жамбы атып, теңге ілді...

286 рет
көрсетілді

Әсіресе жас буын ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде терең ұғынуға мүмкіндік алды. Түркістан облысының 14 пен 29 жас аралығындағы аудан, қала жастары арасында өткен «Көшпенділер ойыны» атты облыстық сайыс кезінде.

Ұлттық ойындар арқылы жастарды бел­сенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көре­ген­ділікке және күштілікке тәрбие­леуді, патриот­тық сезім қалыптастырып, салт-дәс­түр, әдет-ғұрыпты дәріптеуді мақ­сат ет­кен сайыс Төлеби ауданында өтті.

Аудан әкімдігі ұйытқы болған, жер­­­­гілікті мәслихат қолдаған, ішкі сая­­сат бөлімі, «Жастар ресурстық ор­та­­лығының» қызметкерлері белсене қатыс­қан облыс­тық «Көшпенділер ойы­­нына» жастардан 13 команда жасақ­талып, 200-ге жуық спортшы қатысты. Жамбы ату, теңге ілу, өгіз көтеру, ауда­рыспақ, то­ғызқұмалақ, қазақ күресі және арқан тар­тудан сынға түскендер арасында же­ңімпаздар командалық есеппен анық­талды. Бірінші орынды Төлеби ауда­нының спортшылары жеңіп алып, 300 мың теңге ақшалай сыйлықты қан­жығаларына байлады. Екінші орынға көтерілген Сарыағаш ауданының командасына 200 мың теңге бұйырды. Үздік үштікті Жетісай ауданының спорт­шылары түйіндеді. Олар 150 мың теңге иеленді. Сондай-ақ сайысқа қатыс­қан барлық ко­мандаға ынталандыру сыйлығы табыс етілді. Спорттың жекелеген түрлері бойынша жеңімпаз атанғандар да марапатталды. Аталмыш сайыс жыл сайын Төлеби ауданында тұрақты өтетін болады.

 

Түркістан облысы