• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2022

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

978 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ш. Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм). Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген Жарлықта.