• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 15 Маусым, 2022

Тоқаев Қазақстандағы орыс тілінің позициясы туралы айтты

2042 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы орыс тіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда орыс тілінің позициясы кеміді, тарылып бара жатыр деген сөздер шындықтан өте алшақ. Мұндай пайымның барлығы белгілі бір жағдайды саясиландыру мақсатында айтылған. Негізінде оның жауабын білемін. Бірақ бұл қазіргі сұхбатымыздың тақырыбы емес. Толықтай алғанда, Қазақстанда орыс тілінің позициясы қандай да бір нашарлауға ұшыраған жоқ. Оған сенімдімін. Сабақ орыс тілінде өтетін мектептердің санына қатысты айтар болсам, олар бұрынғы көлемде қалды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ тіліне деген сұраныстың артып келе жатқанын айтып өтті.

«Түптеп келгенде, мемлекетіміздің атауының өзінде «қазақ» сөзі бар. Яғни, біз қазақ тілін үйренгісі келетін, баласын қазақ мектебі мен балабақшаға бергісі келетін адамдардың мүддесін қамтамасыз етуге тиіспіз. Орыс тілінсіз қазақтарға өте қиын болатындығына қатысты нақты түсінігіміз бар. Қазақтар орыс тілін жақсы білуі керек. Бірақ өзінің ана тілін де білуі тиіс», деді Президент.