• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Президент 15 Маусым, 2022

Қазақстан-Ресей арасындағы ынтымақтастық жалғаса береді

1500 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей және Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа байланысты барлық уағдаластықтар өз күшінде қалатынын атап өтті.

«Біз ортақ жұмысты жалғастырамыз. Қазақстан ешқандай жағдайда өзінің одақтастық міндеттемелерінен бас тартпайды. Бұл перспектива тұрғысынан дұрыс емес және негізсіз болар еді. Өйткені Ресей қазіргі қиындықтарды жеңе алатынына сенімдімін. Бұл үлкен ел, экономикалық әлеуеті де жеткілікті. Өткен тәжірибе көрсеткендей, Ресей төтенше жағдайларда өте жақсы жұмыс істейді. Сондықтан мұнда ешқандай күмән жоқ. Бірақ санкция мәселесі де бар. Біз оларды айналып өте алмаймыз. Санкциялар бұзылған жағдайда, біздің экономикамызға қатысты Батыстың «қайталама санкциялары» енгізілуі мүмкін», деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы санкцияларды бұзбай, қажетті уағдаластықтарға қол жеткізу үшін Қазақстан Ресей үкіметімен жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Осы немесе басқа жағдайды қалай шешуге болатындығын түсіну үшін уақытты қажет ететін күрделі сұрақтар бар. Жағдай ерекше. Біз дәл осы жағдайда өмір сүреміз деп ешкім күтпеді. Бірақ жағдай шынайы. Сондықтан біз осы шындықтан туындайтын мәселелерді шешуіміз керек», деді Президент.