НАТО украин әскерін посткеңестік қару-жарақтан альянстың қаруына ауыстыру жоспарын дайындауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін, 15 маусымда Брюссельде НАТО елдерінің қорғаныс министрлерінің отырысы өтеді. Кездесу алдында альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаға жаңа әскери көмек көрсету қажеттілігі туралы айтты.
«НАТО украин армиясын посткеңестік қару-жарақтан альянстың қаруына ауыстыру жоспарын дайындауда», деді бас хатшы Йенс Столтенберг.
Айта кетсек, Ресей Президенті Владимир Путин мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Ресей-Украина әскери қақтығысын талқылады.
Си Цзиньпин өз сөзінде мүдделі тараптардың әрқайсысы Украинадағы дағдарысты дұрыс шешуге ықпал ететін ұстанымда болуы керек екендігін айтты.