УЕФА-ның штаб пәтерінде Конференциялар лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Жеребе қорытындысы бойынша «Астана» польшалық «Ракувпен» кездеседі. «Қайраттың» қарсыласы венгриялық «Кишварда» болады. Ал петропавлдық «Қызыл-Жар» хорватиялық «Осиекпен» күш сынасады.
Бірінші кездесулер 21 шілдеде, қарымта ойындар 28 шілдеде өтеді.