• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Президент 16 Маусым, 2022

Президент: Референдум табысты өтті екен деп, босаңсуға болмайды

310 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы елдегі саяси реформалардың мәнін халыққа түсіндіру аса маңызды екенін қадап айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ең бастысы, біздің бағдарымызды халықтың басым көпшілігі қолдап отыр. Азаматтарымыз елімізде түбегейлі өзгеріс болатынына сенеді. Дегенмен, референдум табысты өтті екен деп, босаңсуға болмайды. Нағыз жұмыс енді басталды», деді Президент құрылтай барысында.

Мемлекет басшысы қазіргі жаңғыру үдерісі жалпыұлттық сипатқа ие бола бастағанын айтты.

«Реформаны жүзеге асыру барысын елге ұдайы түсіндіріп отыруымыз керек. Қазірдің өзінде жаңғыру үдерісі біртіндеп жалпыұлттық сипатқа ие бола бастады. Шын мәнінде, жаңғырудың әсерін әрбір азаматымыз сезінуі қажет. Елдегі өзгеріске әркім өз ісіндей қараса, шын мәнінде, жаңару жолына түсеміз. Мұны еліміздің әрбір азаматы терең түсінгені жөн», деді Президент.