• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Президент 16 Маусым, 2022

Мемлекет басшысы Санкт-Петербургке барды

304 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ертең түске дейін Мемлекет басшысы Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.

Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.

Сонымен қатар Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.

Аяна Тоғанбек