• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Маусым, 2022

Мәриям – әлем моделі

451 рет
көрсетілді

Тоғыз жасар Мәриям Ишан­ғалиева Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылында тұрады. Биыл 3-сы­ныпты үздік бітірген. Былтыр «Әлемдік модель-2021» және «Жер ша­рының супермоделі – 2021» аталымын жеңіп алған еді.

Ал «Әлемдік модель-2022» халықаралық таланттар мен сұлу­лық байқауы Ресей Федера­ция­сындағы Сочи қаласында өтті. Төрт кезеңмен өткен байқауға әлем елдерінен 100-ден астам үміткер қатысты. Қазақстаннан қа­тысқан Мәриям Ишанғалиева бірінші орынға қоса «Әлемдік модель-2022» титулын жеңіп алды. Жеңімпаз қазақстандыққа «Жер шарының сұлуы-2022» байқауына жолдама табысталды. Бұл байқау тамыз айында Мәскеуде өтеді.

– Мәриям қатысушылардың көптігін көргенде, біраз уайым­дады. Себебі әрқайсысы өз елінің ең мықты моделі ғой. Биыл Мәриям қазақтың ұлттық киімімен сах­наға шықты. Ұлттық киім Мәриямның бағын жандырды. Қа­зы­лар алқасының мүшелері де, фо­тографтар да Мәриямның өзіне сенімді екенін жоғары бағалады, – дейді анасы Арайлым Қарабалаева.

Енді Мәриям Ишанғалиева қыркүйекте Түркияда өтетін сән апталығына шақырту алды. Ал қазан айында Дубайға осындай апталыққа барады.

– Кішкентай кезінен биге әуес болды. Кейін жарнамалық роликтерге түсті. Бірақ мектептегі сабақ үлгерімін төмендеткен жоқ. Жыл сайын үздіктер қатарынан көрініп жүр, – дейді анасы.

 

Атырау облысы