АҚШ президенті Truth Social-ға берген мәлімдемесінде Иран армиясы қаруын тастап, Тегераннан кетуді, ал ел билігінен жеңілгендігін құжаттап тізе бүгуін талап етті, деп жазады Egemen.kz
Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды
Сонымен қатар, АҚШ-тағы Al Jazeera дереккөзі Трамптың шыдамы таусылып бара жатқанын хабарлады. Ақпарт көзінің мәліметінше Иранға қарсы соғыс жақын күндері басталуы мүмкін.
«Иранның тығырықтан шығуына бірнеше апта емес, бірнеше күн ғана бар»,- дейді Трамп.
Сонымен қатар Иран тарапы Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелер үшін сақтандыру тетігін әзірлеп отыр. Жаңа Hormuz Safe қызметі Парсы шығанағында және оған жақын орналасқан су жолдарында жүк саясатын жүргізеді. Бұл жоба Иранға 10 миллиард доллардан астам табыс әкелуі мүмкін.
Дональд Трамптың Бейжің сапары нені өзгертеді?