• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Маусым, 2022

Қазақстандағы ірі жылу электр станциясына 33 млрд теңге айыппұл салынды

295 рет
көрсетілді

Павлодар облысының экология департаменті бірінші жартыжылдыққа Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-ға қатысты жоспарлы тексеріс жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Экология министрлігінің мәліметінше, тексеріс барысында экология заңнамасының бұзылғаны анықталды. Дәлірек айтқанда, парниктік газдар шамадан тыс шығарылған.

Парниктік газдар шығарындыларына квота саудасының қолданыстағы жүйесі аясында кәсіпорын өтемеген квота көлемі 2 млн тоннадан астам СО2 құрады.

Заңға сәйкес, кәсіпорын экологиялық заңнамада белгіленген мерзімде нарықта квоталар сатып алу арқылы жетіспейтін квота көлемін жабуға тиіс.

ГРЭС-1-ке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 33 301 625 мың теңге айыппұл салынды.