• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 17 Маусым, 2022

Каспий жағалауынан 220 итбалық өлексесі табылды

338 рет
көрсетілді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов Каспий теңізінде итбалықтардың нақты неден қырылғанын анықтау мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған себеп - ұшалардың толықтай ыдырап кетуі.

«Ғылыми ұйымдар зерттеу жүргізгенімен, итбалықтардың нақты неден қырылғаны анықталмады. Мамандар итбалықтар сәуір-мамыр айларында емес, қаңтар-ақпанда өлген деген қорытынды шығарды. Тағы бір болжам, ол – қыс мезгілінің өте жылы болуы. Итбалықтар мұздың үстіне күшіктейтіні белгілі. Биыл ауа райы жылы болып, мұз тез еріп кетті. Сондықтан күшіктер суға түсіп кеткен. Ал жаңа туған итбалықтардың терісінде судан қорғайтын қабыршық болмайды. Бүгінгі таңда Каспий жағалауынан барлығы 220 өлексе табылды. Оның 50%-ы жаңа туған итбалықтар», деді комитет төрағасының орынбасары.

Аян Бахияновтың айтуынша, табылған өлекселерді зерттеу кезінде, итбалықтардың денесінде қолдан жасалған жарақаттар бар екені анықталды.

«Табылған бірнеше итбалықтың басы және өзге де мүшелері қасақана кесіп алынған. Біздің болжам бойынша жануарлар заңсыз балық аулау құралдардарына түскен. Ал браконьерлер өз қылмысын жасыру үшін итбалықтардың басын кесіп тастаған», деп түсіндірді Аян Бахиянов.