Air Astana ұшағы фюзеляждағы ақауға байланысты Алматыдан Антальяға уақытында ұша алмады, деп хабарлайды Egemen.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рейс таңғы 09.40-та аттануға тиіс еді. Оған 209 жолаушы тіркелген.
«Air Astana әуе компаниясының Алматы – Анталья бағытындағы КС 915 рейсі ұшақтың кеш қонуына байланысты кешігіп жатыр. Ұшақ фюзеляжына бұған дейінгі рейстерді орындау кезінде зақым келген. Зақымды бағалау және жою жұмыстары жүргізілді», делінген хабарламада.
Осыдан кейін ұшақтың ұшу уақыты 17:15-ке белгіленді.
Әуе компаниясы жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.