• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Маусым, 2022

Бейнелеу өнерінің цифрлануына арналды

351 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт минис­трлігінің қолдауымен «Бу­рабай» демалыс орнында көр­кемдік және білім беру ке­ңіс­тігі аясында заманауи өнер­дің халықаралық ART TALK жыл сайынғы ІІ симпо­зиумының ашылу салтанаты өт­ті. Аталған іс-шара Ақмола об­лы­сының туризмін дамыту мақ­са­тында ұйымдастырылып отыр.

Жоба аясында халықаралық алаңда тәжірибе алмасу үшін жыл сайынғы пленэр мен көрмені өткізу, заманауи өнердің көкейкесті мәселелерін талқылау, сондай-ақ Ұлттық музей қорларын заманауи сурет­шілердің көркем туындыларымен то­лықтыру жоспарланған. Симпозиумға Қазақстан, АҚШ, Корея, Өзбекстан және Моң­ғолия елдерінен 16 суретші қатысып отыр.

Халықаралық ART TALK жоба­сының ашылуына құттықтау хат жолдаған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев аталған симпозиум әлемнің әр түкпі­рінен келген суретшілерге тәжірибе ал­­масуға таптырмас мүмкіндік екенін айтқан.

Жобаның биылғы маусымының негіз­гі тақырыбы жаппай цифрландыру кезе­ңіндегі ХХІ ғасыр суретшісінің рөліне арналған.

Айта кетейік, халықаралық ART TALK жыл сайынғы ІІ симпозиумы 20 маусымға дейін жалғасады. Ал жабылу сал­танаты 21 маусым күні Ұлт­тық музей­де қорытындыланып, суретші­лер­дің жаңа туын­дыларынан көрме ұйым­дас­тыры­лады.