• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қаржы 20 Маусым, 2022

Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейту жоспарлануда

313 рет
көрсетілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Есеп комитетінің Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттердің сомасын ұлғайту туралы ескертуіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Есеп комитеті Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер сомаларының ұлғаюын байқауда. Ағымдағы шығындарды қаржыландыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар трансферттердің өсуі әлеуметтік міндеттемелерді, дағдарысқа қарсы шараларды, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және жалғасып жатқан пандемия жағдайында экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдау қажеттілігіне негізделген», деді Қаржы министрі.

Сонымен қатар ол өткен жылы Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін тікелей салық түсімдерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есе артқанын атап өтті.

Сонымен қатар, министр 2022 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мөлшерін анықтау контрциклдік бюджет ережесіне негізделетінін айтты.

«Жаңа тәсілдерге сәйкес қаржыны Ұлттық қордан бюджетке бағыттау Қордың мұнай секторынан түсетін кірістерінен аспайды. Бұдан басқа бюджет шығыстарына шектеулер қабылданды. Бұл оның қордың жинақтау функциясын күшейте отырып, активтерді көбірек жинақтауға мүмкіндік береді», деп қосты Е.Жамаубаев.

Соңғы жаңалықтар