«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Qazaq Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы лауазымына конкурс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Авиация саласы мен оның даму перспективалары туралы өз көзқарасы бар кәсіби маман қажет», делінген қордың хабарламасында.
Жаңа басшының кандидатурасына қойылатын талаптар:
Авиация саласындағы қазақстандық немесе халықаралық компаниялардағы активтердің ірі портфельдерін басқару, жоғары деңгейдегі дәйекті әрі күрделі позицияларда кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт;
Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, оның ішінде соңғы 3 жыл ірі компанияларда болуы шарт;
Күрделілігі және кіріс көлемі бойынша деңгейлес авиациялық компанияда жоғары басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт.
Бос орын Samruk Qyzmet сайтында орналасқан.
Qazaq Air - 2015 жылы құрылған қазақстандық авиакомпания.