Қырғызстанның Қызылқия қаласында сел жүрді. Қалада төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 18 маусым күні сағат 18:00-де толассыз жауған жаңбырдан кейін бірнеше көшені су басқан. 6 әлеуметтік нысан мен 7 тұрғын үй апатты жағдайда қалған.
Табиғи апаттың салдарын жою жұмыстарына 117 құтқарушы жұмылдырылып, төтенше жағдай орнында азаматтық қорғау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі Б.Әжікеев қала тұрғындарымен кездесті.