• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Маусым, 2022

Павлодар педагогикалық университетіне Әлкей Марғұланның есімі беріледі

567 рет
көрсетілді

Бұл шешімді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен отырыста республикалық ономастика комиссиясы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Комиссияның қарауына мемлекеттік органдардан барлығы 182 өтініш келіп түскен, оның ішінде білім және ғылым министрлігінен, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының, сондай–ақ Шымкент қаласының әкімдіктері де бар.

Сонымен қатар комиссия Павлодар педагогикалық университетіне ғалым Әлкей Марғұланның есімін беру туралы ұсынысты қолдады.

«Қазіргі уақытта ономастика комиссиясы ауқымды да маңызды жұмыстар атқарып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, бұрын жаңа облыстарды атауға, Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуге және т.б. қатысты маңызды шешімдер қабылданған болатын, мұнда қаралған мәселелер жергілікті тұрғындардың пікірін ескеріп, мәслихаттардың шешімімен қабылданады», деді  Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері нысандарды қайта атау туралы ұсынысты мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар