Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданына қарасты Қорғалжын тас жолы бойындағы өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, аталған ауданда өрт шыққаны туралы хабарлама 101 пультіне сағат 15:03-те түскен.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер құрғақ шөп пен қамыстың жанып жатқанын анықтады. Өрт шарпыған аудан алдын ала болжамға сәйкес бір гектарды құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге жеке құрамның 25 маманы, 6 өрт сөндіру машинасы және жергілікті атқарушы органның 4 су шашатын техикасы мен бір тракторы жұмылдырылған. Өрт сағат 17:31-де жартылай сөндірілді. Оттың Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне, құрылыс нысандарына таралу қаупі жоқ», делінген хабарламада.