• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Маусым, 2022

Өзбекстанда референдум өткізілуі мүмкін

343 рет
көрсетілді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Конституциялық комиссия мүшелерімен кездесу кезінде елдің Ата заңына өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Парламент әзірлеген жобаны жалпыхалықтық талқылауда қарастырып, оны референдум арқылы қабылдауды ұсынамын» , деді Шавкат Мирзиеев.

Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Парламенттің өзі Конституцияға өзгертулер енгізуге құқылы екенін, бірақ мұны халықтың еркіне сүйене отырып жасаған абзал екенін атап өтті.

«Менің ойымша, егер біз азаматтарымыздың пікірі мен қолдауына сүйене отырып, референдум арқылы конституциялық реформаны жүзеге асыратын болсақ, онда бұл нағыз халықтық Конституция болады», деді Өзбекстан Президенті.

Оның айтуынша, бұл Конституцияның жалғыз қайнар көзі және авторы – халық деген қағидаға сәйкес келеді.