Ресейлік журналист Дмитрий Мұратовқа Нобель сыйлығы 2021 жылы берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Журналист 20 маусымда америкалық Heritage Auctions аукцион үйінде өзіне тиесілі Нобель сыйлығын сатып жіберді. Медаль 103,5 млн долларға сатылды.
Барлық түскен қаражат ЮНИСЕФ-тің украиндық босқын балалар мен олардың отбасыларына көмектесу жөніндегі гуманитарлық миссиясын қолдауға жұмсалады.
Сатып алушының аты-жөні жарияланбады.
Айта кетейік, Дмитрий Мұратов 1993 жылы Ресейде «Новая газета» басылымының негізін қалаушылардың бірі.